Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицей оқушыларға жол жүру ережелерін түсіндірді

СҚО-да полицей оқушыларға жол жүру ережелерін түсіндірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Бағдаршам істемей тұрса жолдан қалай өту керек? Бұл туралы Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері бірінші сынып оқушыларына айтты. Бүлдіршіндердің жол сақшысымен кездесуі Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында өтті.

"Сіз Степа ағайсыз ба?" - деп сұрады балалардың бірі. "Жоқ, бірақ мен де жол қозғалысын реттеймін", - деді полиция офицері күлімдеп. Ол бағдаршамның түстері мен реттеушінің белгілері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Тәжірибе көрсеткендей, мұны кейде жол қозғалысының ересек қатысушылары да білмейді екен.

Тәртіп сақшылары осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныстарды құптайды. "Заң мен Тәртіп" қағидатын ілгерілету шеңберінде өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық санасын арттыру полицейлер үшін маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру