СҚО-да полицей суға батып бара жатқан әкесі мен баласын құтқарды
СҚО-да демалыста жүрген полицей суға батып бара жатқан екі адамды құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшысы Ерлан Қазиев еңбек демалысы кезінде, Новоишимское ауылындағы жағажайда болған. Бірде ол көмек сұраған дауысты естиді. Су ішінде әкесі мен баласы батып бара жатты. Ерлан дереу әрекет етіп, мектеп жасындағы баланы судан алып шығып, кейін орта жастағы ер адамның жағаға жетуіне көмектесті.
Бұл оқиға жайлы кездейсоқ әңгімеден ғана белгілі болды — Ерланның өзі бұл туралы сөз қозғамаған.
Ерлан Қазиев Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінде орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы болып қызмет атқарады.
Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы полиция қызметкерлерінің саптық, атыс даярлығына, дағдарыс жағдайларында - соның ішінде Ерланның өзі тап болған ұқсас жағдайда әрекет етуге үйретеді.