Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер 10 күнде 100-ден астам отбасылық жанжалқойды жауапқа тартты

СҚО-да полицейлер 10 күнде 100-ден астам отбасылық жанжалқойды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметкерлері 25 қарашада басталған «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында жұмыс істеуде. Бұл бағытта түрлі алдын алу және құқықтық түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары адамдарға заңнамадағы өзгерістер туралы, ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін жауапкершілікті қатайту туралы айтып береді.

Азаматтардың шақыруларына ден қою бойынша күнделікті жұмыс жалғасуда. Орта есеппен облыс орталығында түнде әдепсіз сөзден денсаулыққа зиян келтіруге дейін баратын тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 2-3 шақыру түседі. Іс жүзінде мұндай фактілердің барлығы ішімдікті шамадан тыс пайдалану барысында жасалады.

– Акция барысында облыс бойынша полиция қызметкерлер 100-ден астам отбасылық жанжалқойды жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ 26 адамға қатысты сот алкогольді ішуге тыйым салуды қамтитын мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіледі. Бұл жұмыс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқарма бастығы Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру