Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер 10 жыл бұрын ұрланған телефонды іздеп тапты

СҚО-да полицейлер 10 жыл бұрын ұрланған телефонды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жедел уәкілдер 2014 жылы жасалған телефон ұрлығын ашты. Аудан тұрғындарының бірі Соколовка ауылының маңындағы көлде демалып жатқан. Әйел адам отырған жерінен сол кездегі танымал Samsung Galaxy S III Mini телефонын таппай қалған.

Қылмысты «ізін суытпай» ашу мүмкін болмады. Соған қарамастан, 10 жылдан кейін тәртіп сақшыларына ауданның 27 жастағы тұрғынын анықтауға мүмкіндік берген жаңа мән-жайлар анықталды. Ұрлық жасаған кезде ол 17 жаста болған. Ол кінәсін мойындап, жағажайда қараусыз қалған басқа біреудің мүлкін қалай иемденгенін айтты. Ұрланған зат заңды иесіне қайтарылды.

– Қылмыстық іс жүргізу ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды. Дегенмен, ескі материалдар жаңа мән-жайларды анықтау үшін үнемі қайта қаралатынын атап өткен жөн. Ашылмаған бірде-бір қылмыс полицияның назарынан тыс қалмайды, — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру