Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер 2 жасөспірім мен қарияны туыстарымен қауыштырды

Петропавл қаласының полицейлері екі кәмелетке толмаған баланы және егде жастағы
қарияны туыстарына табыс етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда екі кәмелетке толмағанды іздеу жолында 120 астам адам түнді ұйқысыз өткізді. Туыстары 17 жастағы жасөспірім мен оның төменгі сыныпта оқитын жиенінің жоғалғаны туралы 13 мамырда кешкілік полицияға қоңырау шалған. Кейін балалардың жоғалғаны туралы
хабарлама әлеуметтік желілерде шықты.

Бағыт-бағдар Петропавл қалалық ПБ барлық жеке құрамына таратылды. Іздестіру іс-шараларына 14 автопатрульді қоса 90 астам полиция қызметкері, 20 астам ерікті, қалалық білім беру бөлімінің, мектеп әкімшілігі, әлеуметтік-психологиялық қызметтің өкілдері қатысты. Болуы мүмкін деген барлық жерлер қаралды. Береке ауданы мен Жұмысшы кенті, вокзал маңы ауданы, мәдениет және демалыс саябағы, Жеңіс саябағы, орман алқаптары, саяжай қоғамдастықтары тексерілді.

Жүрген жерлерінде іздеуге қатысушылар бағыт-бағдарларды таратты. 14 мамыр күні таңертең саяжай қоғамдастықтарының бірінің күзетшісі бағыт-бағдарды айтып, қараусыз қалған учаскеде кәмелетке толмағандарды көргені жайлы полиция қызметкеріне хабарласқан. Таңғы сағат 6-да іздестіру шығып, қараусыз қалған үйлердің бірінен адасқан кәмелетке толмағандарды табады.

Балалардың айтуынша, олар суға түспекші болған, күн күркірегендіктен бос тұрған үйге түнеуді шешкен. Полицейлер табылған балаларды ата-аналарына табыс етті. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жасөспірімдердің жауапсыздығы, ата-аналарының балаларының жоғалуы туралы өтінішімен полицияға жүгінуінің бірден бір себебіне айналады, - дейді Петропавл қ. ПБ ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімшесінің басшысы Эльмира Абушева. — Көп жағдайда жоғалған кәмелетке толмағандарды кезекші тәулікте іздеп табу мүмкін болады. Көбіне олар таныстарымен уақыттарын өткізіп, ол жайлы жақындарына хабарласпайды.

Сол күні облыс орталығының әлеуметтік желілерінде Петропавл қалалық ПБ екінші полиция бөліміне патрульдік полицейлер жеткізген егде жастағы қала тұрғынының фотосуреті таралып кетті. Әжей болса қайда барарын білмей, көшеде жүре берген, аты-жөні мен мекен жайы есінде қалмаған. Тәртіп сақшылары туыстарын іздестірге шаралар қабылдады, аз уақыт өткен соң
1936 жылы туған қала тұрғынын алып кетуге балалары келді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру