Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер 28 жастағы тәжікстандыққа үйіне оралуға көмектесті

СҚО-да полицейлер және Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның өкілдері 28 жастағы тәжікстандыққа үйіне оралуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс полицейлері үш күн бойы “Мигрант” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі аясында жұмыс жүргізуде. Операция барысында төрт қылмыскер ұсталды. Елде болу қағидаларын бұзғаны үшін 30 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, шақырылған шетелдіктердің белгіленген елде болу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР 61 азаматы жауапқа тартылды. Көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдіктердің тарапынан және оларға қатысты жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысын жыл бойы жүргізеді. Жұмыстың маңызды бағыты мемлекеттік қызметтерді көрсету, кеңес беру және қажет болған жағдайда қиын жағдайға тап болған шетелдіктерге мүмкіндігінше көмек көрсету болып табылады. Сервистік қызметтер қоғамдық ұйымдармен бірлесе көрсетіледі.
Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйыммен бірлесе Тәжікстан Республикасының 28 жастағы азаматына көмек көрсетілді. Ол елімізге бір жыл бұрын нәпақа табу үшін келген екен. Алайда, қажетті құжаттарды ресімдеуге, жұмысқа орналасуға үлгермеген. Тәжікстандық СҚО Полиция департаменті көші-қон қызметіне еліне оралуға көмек сұрап жүгінген. Полицейлер оған барлық қажетті құжаттарды ресімдеуге көмектесті, жол билеті сатып алынып, еліне оралуға көмек көрсетілді.Профилактикалық рейдтерден бөлек, азаматтарды құжаттандыру бойынша жұмыс жалғасуда. Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Тайынша ауданының тұрғыны аудандық газетте алғысын жариялаған екен. Аудандық көші-қон қызметінің полицейлері Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауымен бірлесе Зеленый Гай ауылының тұрғыны Вадим Лобкоға кеңестік үлгідегі ескі төлқұжаттың орнына жаңа жеке тұлғаны куәландыратын құжатты алуға көмектесті. Алдағы уақытта ол толық көлемде барлық әлеуметтік қызметтерді пайдалана алады.

СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбіловтің айтуынша, жыл басынан СҚО Полиция департаменті көші-қон қызметінің полицейлері уақытша тұруға 628 рұқсат берген, оның 220-сы шетелдіктер. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың қарамағында жұмыс істеуге 129 рұқсат берілген. Бұл ретте азаматтарға кеңес беру, көмек көрсету және бақылау көші-қон қызметі полицейлерімен күнделікті жүргізіледі. Сондай-ақ көші-қон заңнамасының бұзушылықтарын ескерту және анықтау жұмысы да қолға алынған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру