Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер 400-ден астам студентпен кездесті

СҚО-да полицейлер есірткі сатқан қанша жастың жауапқа тартылғанын айтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі жасырушылар орташа есеппен алғанда 2-3 айдан артық жұмыс істемейді. Содан кейін олар ұсталып, қылмыстық іс қозғалады және істі сот қарап, кінәлілер бас бостандығынан айыру орындарына ұзақ мерзімді жазаларын өтеуге аттанады. Бұл туралы полицейлер Солтүстік Қазақстан университеті студенттерінің есіне салды.

Тәртіп сақшыларын бірінші және екінші курстардың 400-ден астам студенті тыңдады. Полицейлер жеңіл жолмен ақша таппақ болғандардың әрекеті қандай нәтижеге әкелетінін айтты және жастарды есірткі жасырушы болып жұмыс істеу туралы ұсыныстарға ермеуге шақырды. Есірткі саудасы тек тыйым салынған заттарды қолданушылардың өмірін құртпайды, сонымен қатар таратушылардың да тағдырын бұзады.

Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан есірткі жасырушылардың сөздері осыған дәлел. Олардың әңгімелері студенттерге көрсетілген “Есірткі жасырушылар. Жаза” фильмінде келтірілді. Фильмнің көптеген кепкерлері — көрермендермен жастылар. Бұл солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларының “QZ-media” шығармашылық ұжымымен бірлесіп түсірген үшінші деректі фильмі. Алғашқы екеуі YouTube-та 2 миллионнан астам қаралым жинады.

2024 жылдың басынан СҚО-да есірткі сатқаны үшін 35 адам ұсталды, олардың 26-сы – 25 жасқа дейінгі азаматтар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру