Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер анықтау мен тергеу процесін жылдамдататын жаңашылдықтар шеңберінде жұмыс істеуде

СҚО-да полицейлер анықтау мен тергеу процесін жылдамдататын жаңашылдықтар шеңберінде жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Цифрландыру, оңтайландыру және қағазбастылықты азайту. Еліміздегі барлық қылмыстық істердің 95 пайызын тергейтін анықтаушылар мен тергеушілердің жұмысына кезең-кезеңімен өзгерістер енгізіліп жатыр. Жаңашылдықтар қылмыстық істерді тергеуге, азаптаудың, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында денсаулыққа ауыр және орташа зиян келтірудің, сондай-ақ қорлаудың басқа да түрлерінің алдын алуға қатысты болмақ.

Істерді электрондық форматта тергеу, тергеу әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп алу және «қысқаша хаттама» жасау – осының барлығы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің құрамындағы тергеу мен анықтау бөліністерінің жұмысына кеңінен енгізіліп жатыр. Жылдың қорытындысы бойынша СҚО полицейлері қылмыстық істердің 99,7 % тергеген. Тәртіп сақшылары жоспарлағандай, «қысқаша хаттама» деп аталатын жаңа әдіс тергеу әрекетінің уақытын бесе есеге қысқартпақ.

17 наурызда қылмыстық іс жүргізу саласындағы адам құқықтарына қатысты ҚР Заңына қол қойылды. Оларға басқалармен қатар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізілді, бұл тергеу бөлімшелеріне тергеу хаттамасының қысқаша нысанына көшуге мүмкіндік берді. Жаңашылдықтар шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің бірқатар баптары бойынша санкциялары күшейтілді: 106, 107-баптары – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар, 146-бабы – азаптау. Азаптауды қолданған тұлғаларға қатысты шартты соттау мүмкіндігі алынып тасталды.

– Тергеу мен анықтау бөліністерінің жұмысы бүгінгі күні заңдарды оңтайландыру, процестік кодекстердің новеллаларының баптарын жақсарту бағытында өзгерістерге ұшырауда, сол арқылы қаралатын істер саласы халықтың ыңғайлы болуы үшін ықпал етеді. Жақын арада прокуратура, сот және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен «Қылмыстық кодекс пен қылмыстық-процестік кодекстегі жаңашылдықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарда бар. Бұнда біз әр жаңа өзгерістегі проблемаларды егжей-тегжейлі қарап, оларды шешу бойынша ұсыныстарды талқылайтын боламыз, — дейді СҚО ПД анықтау басқармасының бастығы Сергей Табарин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру