СҚО-да полицейлер арасында Бауыржан Момышұлы жайлы эссе жазу байқауы өтті
СҚО-да полицейлер арасында Бауыржан Момышұлы жайлы эссе жазу байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да қазақ халқының даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.
Ержүрек жауынгер, парасатты қолбасшы, көрнекті жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқастың ең ауыр кезеңінде есімін мәңгілікке тарихқа жазды. Бүгінгі күнге дейін ол иығына погон таққан барша азамат үшін үлгі болып келеді.
Байқауға учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер, тергеушілер және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері — барлығы 30 полицей қатысты. Қазылар алқасы алты үздік жұмысты анықтады. Авторлар материалды терең зерделей отырып, Момышұлының жеке және офицерлік қасиеттеріне деген құрметін көрсетті.

Мұндай жұмыс ұжымда моральдық бағдар қалыптастыруға ықпал етіп, қызметтік этика мен дәстүрлерді нығайтуға бағытталған "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында жүргізілуде.
Байқау нәтижелері батырдың туған күніне орай ұйымдастырылған СҚО ПД-да өткен әдеби кеште қорытындыланды. Қатысушылардың бір бөлігі шараға бейнебайланыс арқылы қосылды. Үшінші орынды Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкері Юлия Волошина мен Шал ақын ауданының полицейі Айдар Абылмажинов өзара бөлісті. Екінші орынға Тимирязев ауданының өкілі Виктория Кириченко мен СҚО ПД аппаратының қызметкері Дидар Баграмов ие болды. Ал үздік деп Уәлиханов және Айыртау аудандарының полиция бөлімдерінде қызмет атқаратын Дилара Қажкенова мен Жұлдыз Нәжікенованың еңбектері танылды.
СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады. Бірқатар қатысушы алғыс хат алды.
