Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер асыл тұқымды бұзау ұрлығын ашты

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер асыл тұқымды бұзау ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақжар ауданының полиция бөліміне мал шаруашылығы кешендерінің бірінің басқарушысы жүгінген. Ол мамырдың 3-і мен 4-і аралығында әулиекөл тұқымдас төрт айлық асыл тұқымды бұзауы жоғалғанын хабарлаған. Келтірілген шығын 240 мың теңгені құрады. Жедел-тергеу тобы қылмыс жасалған орынды қарап, куәгерлерді іздеу үшін ауыл тұрғындарын аула бойы тексерді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде жеке сектордың екі малшысы, 26 мен 32 жастағы жергілікті екі тұрғынның қатысы бары анықталды. Аталған кезеңде ауыл шаруашылығы құрылымының аумағынан қоршалмаған жерден үш бұзаумен сиырдың шығып кеткені белгілі болды. Аз уақытта ол жеке шаруаның малына қосылған, кейін қайта оралған, бірақ бұзаудың біреуі қалып қойған. Күдіктілер одан асыл тұқымды бұқа өсіру үшін иемденбек болғанын айтқан. Жануарды байлап, шұқырда қалдырған. Алайда, кешке жақын иелері бұзауды іздеп жүргенін естіген күдіктілер, олардың айтуынша, «іздерін жасыру» үшін оны сойып, бөлшектеп қойған. Олар көрсеткен жерден мал етінің жасырылған бөлігі табылып, тәркіленді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Осы мысал – қараусыз жүрген мал ұрылардың олжасына айналатындығының тағы бір дәлелі, — дейді ауданның ПБ бастығының бірінші орынбасары Қазбек Ілиясов. — Бұл осымен жыл басынан ауданда орын алған екінші жағдай, мұның алғашқысы еркін жайылымда жасалған. ЖШС басшылығына қылмыстарды жасауға ықпал еткен кемшіліктерді жою туралы анықтама жолданды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кәсіпорындардың техникалық нығайтылуын арттыру қажеттілігі, өз мүлкін сақтауға шара қабылдау, жануарлардың қараусыз жүруіне жол бемеу туралы еске сала отырып, ауыл шаруашылық жануарларын өсірушілермен тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру