СҚО-да полицейлер "ATAZAN_AZAMAT_KZ" атты ауқымды челлендж өткізді
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында "ATAZAN_AZAMAT_KZ" атты ауқымды челленджге қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Челлендж аясында полицейлер халықты құжаттандыру бойынша атқаратын жұмыстың барлық қыр-сырын көрсетті. СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов 16 жасқа толған солтүстікқазақстандық жасөспірімдерге жеке куәліктерін табыстады. Ол жастарды "Заң және Тәртіп" тұжырымдамасы аясында белсенді өмірлік ұстанымды ұстануға шақырды. Осындай іс- шаралар аудандарда да өткізілді. Оған жергілікті атқарушы органдар, түрлі мемлекеттік құрылымдар мен жастар ұйымдары қатысты.
Сондай-ақ құжатын онлайн-форматта рәсімдеген Петропавл қаласының тұрғыны жеке куәлігін ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың қолынан алды. Бұл қызмет E-gov порталының "Жеке кабинетінде" қолжетімді және ұялы телефоны бар кез келген ҚР азаматына қолжетімді.
Мүгедектігі бар азаматтарға жеке куәлік үйлеріне барып ресімделеді. Ол үшін 1414 бірыңғай call-орталығына хабарласу қажет. Челлендж аясында полицейлер 91 жастағы зейнеткерге жеке куәлік табыстау сәтін БАҚ-та жариялады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары №2 түзеу мектебіне барып, 16 жасқа толған тәрбиеленушілерге де құжаттарын табыстады.
Жыл басынан бері СҚО полицейлері жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 27 адамды анықтап, құжаттандырды. Осы жұмыстардың бірі БАҚ-та кеңінен жарияланды: СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ермек Нұсырбаев әлеуметтік бейімдеу орталығында тұратын 46 жастағы петропавлдыққа өміріндегі алғашқы жеке құжатын табыстады.
СҚО ПД қызметкерлері челлендж эстафетасын Павлодар облысындағы әріптестерінен қабылдап, оны Шығыс Қазақстан облысына жолдады.