СҚО-да полицейлер азаматтардың сауалдарына тікелей эфирде жауап беріп жатыр
СҚО-да полицейлер азаматтардың сауалдарына тікелей эфирде жауап беріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстікқазақстандық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізуден бастады. Облыстық полиция департаментінің медиа-студиясынан департаменттің Instagram желісіндегі ресми аккаунттарында өткен тікелей эфирге басқармалар мен бөлімдердің басшылары қатысты. Өйткені олардың жұмысы адамдарды көкейіндегі ең өзекті сұрақтарға тікелей байланысты.
Жол және техникалық инспекция бөлімінің бастығы Назар Байматовқа желі қолданушылары Петропавлдағы автокөлік жүргізушілерінің көкейінде жүрген қаланың кейбір көшелеріндегі, әсіресе Н.Назарбаев көшесіндегі қосарланған тұтас таңбалау сызығы туралы сұрақтарын жолдады. Назар Байматов бұл таңбаны қолдану туралы шешім көлік санының өсуіне байланысты қабылданғанын еске салды.
– Сондай-ақ тікелей эфир барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көлік құралдарын тіркеу, халықтың көші-қоны, азаматтық және қызметтік қару айналымы мәселелеріне де қатысты сұрақтар қойылды. Акцияға аудандық полиция бөлімдерінің де жетекшілері қатысып жатыр. «Жолда қабылдау» акциясы сенбі күні де өткізілмек. Басшылар облыс аудандарына шығып, тұрғындармен жүздеспек. Адамдармен тікелей байланысқа жасау не болмаса жүзбе-жүз кездесу ашықтық қағидатын тиімді іске асыруға және халықпен сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді, – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов.
Акцияның алғашқы күнінің жартысында солтүстікқазақстандық полицейлер 47 сұраққа жауап берді. Тәртіп сақшылары сұрақтарды әлеуметтік желілердегі тікелей эфирде де, call-орталықтың 8 (7152) 32-00-19, 32-00-22 нөмірлері бойынша да қабылдайды.