Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер балаларға көшедегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы айтты

СҚО-да полицейлер мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына көшедегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы айтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде өтіп жатқан “Жасөспірім” ауқымды республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасына полицияның барлық дерлік бөліністері қатысып жатыр. СҚО-да облыстық полиция департаменті құрамындағы арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру және өзін-өзі қорғаудың қарапайым тәсілдерін үйрету үшін түрлі жастағы балалармен кездесулер өткізуде.

“Бал арман” балабақшасының мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілері мен Петропавлдағы № 10 орта мектептің тоғызыншы сынып оқушылары үшін қарапайым ережелер түсіндіріліп көрсетілді. Мысалы, бейтаныс адамдардан аулақ болу, олармен кіреберіске немесе лифтіге кірмеу, олармен әңгімелеспеу, тіпті қандай да бір сыйлықтар мен тәттілерді қабылдамау.

Бұдан бөлек, қыста да, жазда да полиция қызметкерін жақсы тану үшін, қажетті көмек сұрау үшін мектеп жасына дейінгі балаларға полицейлердің нысанды киімі туралы егжей-тегжейлі айтылды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жоғары сынып оқушыларына полиция қызметі туралы бейнероликтер көрсетті, заң мен тәртіпті сақтау бойынша жұмыс туралы айтты. Әрбір адам өз өмірін қылмысқа қарсы күреспен байланыстырмаса да, олардың әрқайсысы құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік, құқықтық сананы арттырудың маңыздылығы туралы ойланғаны маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру