Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырды

СҚО-да полицейлер БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркейтін жылжымалы кешендерді, соның ішінде "жасырын патрульдеу" режимінде жұмыс істейтін жабдықтарды таныстырған баспасөз турын ұйымдастырды.

Техникалық жаңалықтар жазалау үшін емес, өңірде жүргізушілер "ереже жоқ аймақ" деп санайтын жол учаскелерін қалдырмау мақсатында енгізілуде.

Биыл облыста 316 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның ішінде 13 ЖКО жүргізушілердің, ал 7-уі жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған (екеуі мас күйінде жүрген).

Жүргізушілер кінәсінен болған апаттардың жартысынан астамы – жылдамдықты асыру салдары. Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу құралы – патрульдік көліктердегі және тұрақты аппараттық-бағдарламалық кешендер. Олар заң бұзушылықтарды бейтарап түрде тіркеп, адам факторын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.

Баспасөз турына қатысқан журналистер мен блогерлер полицейлермен бірге патрульге шығып, кешендердің тиімділігіне көз жеткізді. Негізгі мақсат – қоғамға қарапайым шындықты жеткізу: әрбір жол ережесін бұзушылықтың алдын алу – апат қаупін азайтады және адам өмірін сақтауға қызмет етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру