Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер батыр ардагердің рухына тағзым етті

СҚО-да полицейлер батыр ардагердің рухына тағзым етті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеңіс күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдұлдинов, ішкі істер органдарының ардагерлері және жеке құрам Кеңес Одағының Батыры, милиция подполковнигі Филипп Васильевич Чижиковтың рухына тағзым етті. Гүл шоқтарын қою рәсімі батырдың туған жері — Қызылжар ауданының Березовка ауылындағы обелиск жанында өтті.

Салтанатты шараға ардагерлер, мектеп оқушылары, аудандық полиция бөлімінің және Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қатысты. Олардың қатарында – адам өмірін құтқарғаны үшін “Ерлігі үшін” және “Айбын” мемлекеттік наградаларымен марапатталған алты қызметкер бар.

Филипп Чижиков — Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Ленин ордені мен “Алтын жұлдыз” медалінің кавалері. Соғыстан кейін ішкі істер органдарында қызметін жалғастырып, Воронеж облысында милиция подполковнигі шенінде зейнетке шыққан.

Шара барысында қатысушылар батырды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың жүрегіне Отан алдындағы жауапкершілік сезімін ұялатып, патриоттық рухты нығайтады, ерлікке құрметпен қарауға тәрбиелейді. Бұл – әсіресе Жеңіс күні қарсаңында маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру