Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер білім беру мекемелеріне терроризмге қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы түсіндірді

СҚО-да полицейлер білім беру мекемелеріне терроризмге қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 мамырда антитеррорлық қызметті ретейтін заңнамаға өзгерістер енгізілді. Бұл туралы білім беру мекемелерінің өкілдеріне СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығындағы онлайн-сабақтар кезінде айтты. Бұл оқу орындарының барлығы террористік тұрғыдан осал объектілер болып табылады. Онлайн кездесу барысында полиция қызметкерлері осы заңның маңызды аспектілерін егжей-тегжейлі жеткізіп, барлық білім беру орындарында осы құрылғының жұмыс механизмін түсіндіре отырып, «дабыл түймесінің» болуы керек екенін атап өтті.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері дағдарыс жағдайлары туындаған кезде қызметкерлердің іс-әрекеттері туралы білімді нығайту үшін қабылдануы қажет алдын алу шаралары туралы айтты.

Облыс аумағында барлығы террористік тұрғыда осал 707 объекті бар, оның ішінде 377-сі білім беру мекемелері. Сондай-ақ, қауіпсіздік жағдайларын жасауға ықпал ететін осы объектілерге қойылатын талаптарға сәйкес бейнебақылау камералары, бақылау-өткізу пункті, хабардар ету құрылғысы болуы қажет.

– Оқу орындарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің бірінші кезектегі міндетіміз. Жыл басынан бері объектілердің басшылары және қызметкерлерімен барлығы 73 сабақ өткізілді, дәлірек айтқанда 6 мыңнан астам қатысушыны қамтылды, – дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы Руслан Жарасбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру