Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер демалыс кезінде балаларға өзін-өзі қорғау тәсілдерін үйретуде

СҚО-да полицейлер демалыс кезінде балаларға өзін-өзі қорғау тәсілдерін үйретуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы демалыс кезінде полицейлер балалар демалатын лагерьлерде профилактикалық жұмысын жалғастыруда. "Серебряный бор" лагерінде тәртіп сақшылары балаларға арналған нағыз спорттық мереке ұйымдастырды.

Іс-шараның басты ерекшелігі – жас спортшылардың көрсетілімдік өнері болды. 7 жастағы Ансар Қазбек пен 11 жастағы Нармин Қазбек жақын қашықтықтағы жекпе-жек техникасын, күрестегі ұстап алу әдістері мен өзін-өзі қорғау элементтерін көрсетті. Екеуі де республикалық жарыстарда бірнеше мәрте жүлдегер атанып үлгерген – бұл тәртіп пен табандылықтың жарқын үлгісі.

Сонымен қатар СҚО ПД арнайы және мобилизациялық дайындық басқармасының қызметкерлері балаларға полицияның арнайы құралдарын, Макаров тапаншасы мен Калашников автоматын бөлшектеу және жинау тәсілдерін көрсетті. "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамымен бірлесіп, полицейлер лагерьде ұлттық спорт түрлері – таяқ тарту және арқан тарту бойынша қызықты жарыстар ұйымдастырды.

Шен таққан азаматтар балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, полиция қызметіне қызығушылық оятып, Заң мен тәртіпке құрметті қалыптастыруға тырысты. Спорт – балалардың бос уақытын тиімді өткізуге және кәмелетке толмағандар арасындағы беймезгіл жүрістер мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың бірден-бір тиімді жолы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру