Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер демалыс күндері 17 мас жүргізушіні ұстады

СҚО-да полицейлер демалыс күндері 17 мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке күндері полиция күшейтілген түрде қызмет атқарды. Солтүстік Қазақстан облысында адамдар көп шоғырланған орындар ерекше назарда болды. Қоғамдық тәртіпті бұзу деректері тіркелмеді. Петропавлда полицейлер 13 адамды уақытша оқшаулауға мәжбүр болды.

Облыс орталығында полицейлер барлығы 14 қылмысты (негізінен ұрлық) тіркеді, олардың арасында бірде-бір ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жоқ.

Жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша жұмыстар күшейтілді. Тәртіп сақшылары бес күн ішінде мас күйінде көлік тізгіндеген 17 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 8-і Петропавлда тіркелді.

Облыс орталығында "102" жедел арнасына полиция күштерінің ден қоюы қажет болған 573 телефон хабарламасы келіп түсті. Оның 37-сі жол жүрісі қағидаларын бұзумен байланысты болды. Сондай-ақ полицияға отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық фактілері бойынша 30 қоңырау келіп түсті, 28 адам түнгі уақытта тыныштықтың бұзылуына шағымданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру