Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер "Динамоның" мерейтойлық спартакиадасында үздік шықты

СҚО-да полицейлер "Динамоның" мерейтойлық спартакиадасында үздік шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында "Динамо" қоғамының 100 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық спартакиада басталды. Оны "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалы және СҚО полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы ұйымдастырды.

Борки кентіндегі шаңғы жолына күштік құрылымдардың 15 командасы жиналды. Әйелдер арасында СҚО ПД аға инспекторы Лидия Логинова жеңіске жетті. Екінші орынды 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Оксана Борсай, үшінші орынды мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Самира Оспанова иеленді. Ер адамдардан бірінші және екінші орындарды полиция қызметкерлері Виктор Трегуб пен Ілияс Жұманов иеленсе, үшінші орынға шекара қызметінің әскери қызметкері Рустам Набиуллин тұрақтады.

Қатысушыларды қолдауға спорт ардагерлері – Қазақ КСР-нің қазақша күрестен бірінші спорт шебері Бауыржан Құлжанов және облыстық "Динамо" ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Талғат Туғанбаев барды. СҚО ПД бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин спортшыларды жеңістерімен ғана емес, спорттық мерекеге қатысуымен де құттықтады. Үздік шыққандар бағалы сыйлықтармен, ал жүлдегер командалар мерейтойлық жазуы бар кубоктармен марапатталды.

Спартакиаданың келесі түрінде динамолықтар табельдік қарудан оқ атып жарысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру