СҚО-да полицейлер елорда тұрғынын есірткі сатты деген күдікпен ұстады
СҚО-да полицейлер елорда тұрғынын есірткі сатты деген күдікпен ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу нұсқасына сәйкес, жас жігіт синтетикалық есірткіні интернет арқылы таратуға қатысы бар. СҚО полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, ол Петропавлға 20 қыркүйекте барған және дәл сол күні ірі көлемдегі психотроптық заттармен ұсталды. Тәркілеу барысында мефедронның аналогы бар 34 түйіншек анықталды. Сонымен қатар жалдамалы пәтерінен тағы 60 түйіншек табылды. Барлығы 104 грамм “синтетика” алынды. Тергеу жүргізілуде. Айта кетерлігі, мұншама көлемдегі есірткі жүздеген “қалташа” түрінде таратылуы мүмкін еді. Жедел ұстау қала аумағында есірткінің кең таралуына жол бермеді.
Жедел уәкілдердің айтуынша, есірткі саудасын ұйымдастырушылар жастарды “оңай табыс” уәдесімен азғырады. Алайда шынайы өмірде мұндай әрекет көбіне алғашқы апталарда, тіпті әшкереленіп, қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Жыл басынан бері СҚО-да есірткі сату күдігімен 40-тан астам адам ұсталды, олардың 36-сы – 25 жасқа дейінгі жастар.
Полицейлер студенттер мен жоғары сынып оқушылары арасында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, оларды “жеңіл ақшаға” құмарлығынан сақтандыруға және өмірін бұзбауға үндеп келеді. Есірткі қылмысына қарсы кешенді іс-шаралар күнделікті жалғасуда.