Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша кеңес мүшелеріне куәліктер табыстады

СҚО-да полицейлер есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша кеңес мүшелеріне куәліктер табыстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жанындағы жаңа орган наурыз айында құрылды. Құрамына өңірдің белгілі қоғам қайраткерлері кірді. Бүгін олар оқыту семинарына қатысу үшін облыстың полиция ведомствосына жиналды. ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов семинарға қатысушыларға кеңес мүшелерінің куәліктерін табыстады.

— Бүгінгі кездесу ынтымақтастығымызды нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар тиімді профилактикалық жұмыс үшін әрқайсымызға тың идеялар мен жаңа шешімдер беретініне сенімдімін, — деді ведомство басшысы.

Полицейлер жұртшылықтан креативті идеялар ғана емес, сондай-ақ ақпараттық қолдауды қажет етеді: көптеген солтүстікқазақстандық белсенділер аудиториясы көп танымал блогерлер. Бұл есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы күреске жұртшылықтың басым бөлігінің көңіл аударуына септігін тигізеді.

Оқыту семинары есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша кеңес мүшелері үшін еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылып, бейнеселектор режимінде өтті. Білікті нарколог-мамандар қоғам мүшелеріне есірткі жағдайы және ұлттық эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы айтты, синтетикалық есірткі құралының қаупіне және профилактиканың заманауи әдістеріне тоқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру