Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер есірткі таратты деген күдікпен шетелдік азаматты ұстады

СҚО-да полицейлер есірткі таратты деген күдікпен шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер есірткі өткізді деген күдікпен жақын шетелдердің бірінің 24 жастағы азаматын ұстады. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 21,7 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат салынған түйіншектер тәркіленді. Сондай-ақ күдікті көрсеткен жерлерден ішінде салмағы 3,2 грамм болатын осыған ұқсас зат бар екі түйіншек табылды. Сараптама олардың мефедрон және α-PvP синтетикалық есірткілері екенін көрсетті.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жас жігіт Астанадағы аспаздық жұмысын тастап, есірткі сатумен айналысу үшін Петропавлға келген. Тәртіп сақшылары оны қалаға келгеннен кейін 11 күн өткен соң қолға түсірді.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру