Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер есірткі тасымалымен айналысқан күдіктіні ұстады

СҚО-да полицейлер есірткі тасымалымен айналысқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Петропавл қаласына аса ірі көлемде есірткі жеткізді деген күдікке ілінген елорданың 35 жастағы тұрғыны басқарған Kia Cerato автокөлігін тоқтатып, күдіктіні ұстады.

Көліктің жүк салғышынан төрт түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама олардың жалпы салмағы 608 грамнан асатын синтетикалық есірткі — альфа пвп және мефедрон екенін анықтады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктіге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жыл басынан бері өңірде полицейлер 120 есірткі өткізу фактісін тоқтатып, заңсыз айналымнан 5 килограмға жуық синтетикалық психотроптық затты тәркіледі.

Есірткі жеткізу арналарының жолын кесу — полицияның негізгі жұмысының бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру