Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер ескі төлқұжатпен жүрген әйелге жаңа жеке куәлік алуға көмектесті

СҚО-да полицейлер 39 жыл бұрынғы төлқұжатпен жүрген әйелге жаңа құжат алуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының 60 жастағы тұрғыны алғаш рет қазақстандық құжаттарын алды. Бұған дейін ол құжаттарды тек 1986 жылы алған.

Әйел Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлеріне жүгінді. Полицейлер оның Қазақстан Республикасының азаматы екенін анықтау үшін бірқатар шара жүргізді. Бүгінгі таңда қала тұрғыны жеке куәлігін қолына алды, енді ол ҚР азаматтарының барлық құқығын еркін пайдалана алады.

Өткен жылы СҚО-да полиция қызметкерлері 37 азаматтың ҚР азаматтығына жататындығын анықтап, оларды құжаттандырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру