Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер Ғылым қызметкерлері күніне арналған диалог алаңына қатысты

СҚО-да полицейлер Ғылым қызметкерлері күніне арналған диалог алаңына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тарих, экономика және құқық факультетінің деканы Зәуре Картова Ғылым қызметкерлері күніне орай Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Әріптестер мен студенттердің қошеметімен СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин Зәуре Кеңесқызына Құрмет грамотасын табыс етті.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ мен СҚО полиция департаментін көпжылдық сындарлы өзара іс-қимыл біріктіреді. 2020 жылы облыстық полиция ведомствосы мен СҚУ арасында дуалды оқыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум негізінде “Заңгер” клубы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда онда СҚУ-дан 3-4 курстың 90-ға жуық студенті бар. Жастармен тәжірибелі тергеушілер, анықтаушылар, жедел уәкілдер мен криминалистер айналысады; заңнаманың қыр-сырын, полиция мамандығының ерекшеліктерін түсіндіреді. “Заңгер” студенттік клубының басшылары ретінде СҚУ тарапынан Зәуре Картова бекітілді. Оған клуб жұмысының сапасын, мазмұнын және қарқындылығын қамтамасыз ету жүктелген.

Еңбек Сембин Зәуре Картоваға, оқытушылар мен студенттерге СҚУ еңбекқорлығы үшін алғыс айтып, полиция тарапынан меморандумның мақсаты – болашақ заңгерлерді тергеу және анықтау бөлімшелеріне тарту, мамандарды даярлау үшін оңтайлы жағдайлар жасау екендігін атап өтті.

2020-2022 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан полицейлерінің қатарына М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 70-тен астам түлегі келді. Олардың барлығы қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін табысты қызмет атқарып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру