Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер Халықаралық қарттар күні дәстүрлі түрде ведомство ардагерлеріне барады

СҚО-да полицейлер Халықаралық қарттар күні дәстүрлі түрде ведомство ардагерлеріне барады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов ішкі істер органдарының 73 жастағы зейнеткері Амангелді Серғазинге барды.

Отставкадағы әділет майоры Сергазин еңбек жолын жазаны орындау жүйесінде бастаған. Содан кейін 11 жыл учаскелік инспектор болып қызмет етті. КСРО-ның ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде сырттай оқып бітірген соң, 6 жыл Мемлекеттік тергеу комитетінің құрамында тергеу жұмысымен айналысқан.

Еңбек сіңірген демалысқа шыққан соң ішкі істер басқармасында тергеу бөлімінің тәлімгер-нұсқаушысы болып қалған, заңгер болып та еңбек етіп, қоғамдық қызметке белсенді араласқан.

ПД бастығы Қабдұлдинов ішкі істер органы ардагерін Қарттар күнімен құттықтап, қоғам игілігі жолындағы қызметі үшін алғыс айтып, мықты денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Осындай кездесулер әдеттегідей полиция қызметкерлері жас қызметкерлерді тәрбиелеуде берілген тәжірибе мен қолдан келген көмекті аямаған ақсақалдарға алғыс айту үшін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшелерімен өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру