Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер ірі көлемдегі мал ұрлығының бетін ашты

Полицейлер СҚО шалғай аудандарының бірінде жасалған ірі көлемдегі мал ұрлығын ашты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Тимирязев ауданының полиция бөліміне мал ұрлығы фактісімен жергілікті ЖШС-тің директоры жүгінді. Шаруашылығындағы мал басын түгендеу кезінде әулиекөл тұқымды 50 бас бұзауының жетіспейтінін анықтаған. Келтірілген залал сомасы 5 млн 800 мың теңгені құрады.

ЖШС аумағына күзет қойылмаған, бейнебақылау камералары орнатылмаған. Ұрлық соңғы айда жасалған болуы мүмкін. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорынның 24 және 25 жастағы екі жұмысшысының қатыстылығын анықтады.

Күдіктілердің сөзінше, бұзаулар бірнеше рет ұрланған және СҚО ауданының әр түрлі адамдарына сатылған. Қазіргі уақытта құжаттарының бар-жоғын сұрамай сатып алған адамдардан 25 бас бұзау қайтарылды, бұл жұмыс жалғасуда. Ірі көлемде мал ұрлағандары үшін күдіктілер 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазасын арқалаулары мүмкін.

Полицейлер ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өз мүліктерін сақтау және шаруашылықтарының техникалық қорғалуын нығайту шараларын қабылдауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру