Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған екі шетел азаматын елден шығарды

СҚО-да полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған екі шетел азаматын елден шығарды,– деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында  "Заңсыз келуші-2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Тәртіп сақшылары үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 200-ге жуық дерегін анықтады. Оның ішінде 120 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, ал 9-ы жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған.

Полицейлер базарларды, құрылыс нысандарын, қосалқы шаруашылықтарды және шетел азаматтары болуы мүмкін басқа да орындарды тексеріп жатыр.

Қазан айының басында Солтүстік Қазақстан облысының шекара маңындағы Уәлиханов ауданының тұрғыны далада кездестірген күдікті шетелдіктер туралы полицияға хабарлаған.

Араб тілінде сөйлескен екі жас жігіт телефондағы аудармашы арқылы бірнеше күн бойы жаяу жүріп, жұмыс іздеп Ресейге жетпек болғандарын және шекараны қай жерден кесіп өткен ыңғайлы екенін сұраған. Ауыл тұрғыны дереу көші-қон қызметіне хабарлаған.

Полицейлер ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметкерлерімен бірлесіп, шетелдіктерді ұстап, мән-жайды анықтады. 

Бұған дейін, қыркүйек айының ортасында, олар Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха аудандық сотының шешімімен мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін елден шығарылған. Оларға елден өз еркімен кету міндеттелген, алайда бұл талап орындалмаған. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін полицейлер құқық бұзушыларды облыс орталығына жеткізіп, оларды елден шығарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру