СҚО-да полицейлер мәдениет объектілерінің қызметкерлеріне террористік қауіп кезіндегі әрекеттерді таныстырды
СҚО-да полицейлер мәдениет объектілерінің қызметкерлеріне террористік қауіп кезіндегі әрекеттерді таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері адамдар көп жиналатын объектілердің террористік қауіптен қорғалуын тексеріп жатыр. Тәртіп сақшылары объектілердің бейнебақылауға алынуын, күзет қызметінің болуын, «дабыл батырмасы» мен қолға алынған басқа да қауіпсіздік шараларын тексеруде.
Жыл басынан 50-ден астам тексеріс жүргізілді. Адамдардың қауіпсіздігін ұйымдастыруда кемшіліктерге жол берген террористік тұрғыда осал объектілердің 8 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Театрлар мен филармониялардың басшыларын, персоналды террористік қауіп туындаған кездегі әрекеттерге үйретуге баса мән берілуде. Облыста 23 мәдениет объектісі бар. Олардың қызметкерлерінің қатысуымен үйрету семинарлары өткізіліп жатыр.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, террористік қауіптен қорғау мәселелері облыстық полиция департаменті басшылығының үнемі бақылауында.