СҚО-да полицейлер мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді
СҚО-да полицейлер авто мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен медицина қызметкерлері жол-көлік оқиғасы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сағатын өткізді. Сабаққа Бескөл авто мектебі оқу орталығының тыңдаушылары қатысты. Мамандар оларға жол апаты болған жағдайда әрекет ету тәртібін түсіндіріп, зардап шеккендерге қалай тиімді көмек көрсету керектігін айтты.
Іс-шара "Жолдағы қабылдау" түсіндіру акциясы және "Қауіпсіз жол" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында өтті. Сондай-ақ полицейлер Петропавл авто оқу комбинатының оқу орталығына барып, оқушыларға ауыр жол-көлік оқиғаларының басты себептері – жылдамдықты асыру, қиылыстардан өту ережелерін бұзу және басқа да құқық бұзушылықтар, сонымен қатар қауіпсіздік белдіктерін тақпау мен көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесудің апат салдарына әкелуі мүмкін екені туралы айтты.
Жыл басынан бері СҚО-да 184 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 7 адам көз жұмып, 256 адам жарақат алды. Жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында полицейлер халыққа үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.