Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен аңшылар жұмыс кездесуін өткізді

СҚО-да полицейлер мен аңшылар жұмыс кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамында жұмыс кездесуін өткізді. Негізгі тақырып – атыс қаруымен байланысты қылмыстар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін өзара іс-қимылды талқылау болды.

Кездесу қоғамның жаңа мүшесіне аңшы куәлігін және қару сақтауға рұқсаттаманы салтанатты түрде беруден басталды. СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин қаруды қауіпсіз ұстау ережелері мен аң аулау қағидаларын еске салды.

Оның айтуынша, жиі кездесетін бұзушылық – қаруды заңсыз сақтау деректері. Мұнымен браконьерлік фактілері жиі байланысты. Тіркелмеген қарудың қылмыста пайдаланылуын болдырмас үшін полицейлер жыл басынан облыста тіркелмеген 19 қаруды, өткен жылы — 139 қаруды тәркіледі.

Полицейлер аңшылар мен балықшылар қоғамының мүшелерін, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы қызметкерлерін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруға, азаматтық қаруды заңсыз пайдаланудың ықтимал фактілері туралы ақпарат алмасуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру