Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен әскери қызметшілер ҚР Ішкі істер министрінің наградаларымен марапатталды

СҚО-да полицейлер мен әскери қызметшілер ҚР Ішкі істер министрінің наградаларымен марапатталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұланы әскери академиясының алаңында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін полицейлер мен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтті. Басқа да шұғыл әрекет ететін қызметтермен бірге олар адамдарды апат қаупінен сақтау, су тасқыны болуы мүмкін аймақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы бір адамдай жұмыс істеді.

Олардың еңбегі жоғары деңгейде бағаланды. "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" ведомстволық медальдарын Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қолынан әскери қызметшілер және облыстық полиция департаменті аппаратының, Петропавл қалалық ПБ және Қызылжар ауданы полиция бөлімінің бірқатар офицерлері алды. Сондай-ақ облыс басшысы "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгілерін және әкімдіктің алғыс хаттарын табыс етті.

Салтанатты рәсімді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов жалғастырды. Ол ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерді ҚР ІІМ мен облыстық полиция ведомствосының грамоталары мен алғыс хаттарымен марапаттады.

Лайықты наградалар қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, Заң мен тәртіпті қорғау жолындағы міндеттерді бұдан әрі де жауапты орындауға серпін береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру