Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен еріктілер есірткі жарнамаларын жойды

СҚО-да полицейлер мен еріктілер есірткі жарнамаларын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының қабырғаларындағы есірткі жарнамаларын басым бөлігі жойылғанымен, қаланың кейбір адам аз жүретін аудандарында оларды әлі де кездестіруге болады. Есірткі  жазбаларын бояу бойынша кезекті акцияға облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылығы мен жеке құрамы, еріктілер, сондай-ақ СҚО ПД жанындағы есірткі құқық бұзушылығының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері қатысты.

Іс-шара басталар алдында полицейлер еріктілерге есірткі құқық бұзушылығының алдын алу мәселелері бойынша нұсқамалық жұмыстар өткізіп, есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгеніне тоқталды. Петропавл тұрғындарына ақпараттық буклеттер үлестірді.

Мобильді топтарға бөлінген акцияға қатысушылар "Черёмушки" ауданында рейд жүргізді. Гараждар мен өзге де жасырын орындарға ерекше көңіл бөлінді. Бір сағаттың ішінде полицейлер мен олардың көмекшілері 15 есірткі жазбасын бояды. Онда көрсетілген сілтемелер бұған дейін жүргізілген жұмыстар аясында бұғатталды.

Айта кететін болсақ, өткен жылы полицейлер интернеттегі есірткі ресурстарға апаратын 1457 сілтемені бұғаттады. Полицейлер кез келген есірткі құқық бұзушылық, соның ішінде есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің жарнамалары туралы сенім телефонына немесе 102 арнасына хабарлау қажеттігін атап көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру