Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен күзетшілер бірлескен әрекеттер тәртібін пысықтады

СҚО-да полицейлер мен күзетшілер бірлескен әрекеттер тәртібін пысықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күзетілетін объектіге шабуыл жасалды – осындай сценарий бойынша полицейлер жеке күзет агенттіктерінің қызметкерлерімен оқу-жаттығу сабақтарын өткізіп тұрады. Тәртіп сақшылары күзетшілердің әрекетін бағалап, ұсыныс жасайды, күзетілетін объектілердің персоналына кеңес береді. Кезекті оқу-жаттығуда жанар-жағармай бекетіне қарулы шабуыл жасалған кезінде орындайтын әрекеттер тәртібі пысықталды. Күзетілетін кәсіпорынның толығымен жасақталған экипажы дабыл белгісі келіп түскеннен соң 6 минуттан кейін келді. Оқиға орнынан ізін суытқан ықтимал қылмыскерді ұстау бойынша бірлескен әрекеттердің алгоритмі пысықталды. Бұл кезеңде полицияның барлық жедел ден қою бөліністері – кезекшілерден бастап жедел-тергеу тобына дейін тартылды. Ықтимал қылмыскер шабуыл жасалған уақыттан он бес минут өткеннен кейін ұсталды.

– Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бойынша жұмыс тиімділігі әрекеттердің қаншалықты пысықталғанына байланысты. Жыл басынан СҚО-дағы күзетілетін объектілерде 3 қылмыстың жолы кесілді. Мәселен, қаңтар айының басында Петропавл қаласындағы күзетілетін объектіде – бір ірі кәсіпорынның күзетшісі аумақты аралау кезінде бұзып-кіру іздерін анықтаған. Шақырылған мобильді экипаж металл бұйымдарды қолды қылмақ болған екі ер адамды ұстап, полицияға тапсырған. Бұдан бөлек, қаңтар айынан күзет ұйымдарының қызметкерлерімен 16 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, ішкі істер органдарына мән-жайды анықтау үшін 22 адам жеткізілді, – дейді СҚО Полиция департаменті Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Руслан Даньяров.

Қазіргі уақытта облыста 5433 объекті күзетіледі, оның 503-і күзетшілердің бақылауында болса, қалғаны орталықтандырылған бақылау арқылы күзетіледі. Бұның ішінде солтүстікқазақстандықтардың 1099 пәтері мен үйі де бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру