Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен медицина қызметкерлері интернет-алаяқтықпен бірлесіп күресуде

СҚО-да полицейлер мен медицина қызметкерлері интернет-алаяқтықпен бірлесіп күресуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында 12 айда интернет-алаяқтықтың 756 фактісі тіркелді. Полиция қызметкерлерінің статистикасына сәйкес, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері негізгі тәуекел топтарының біріне жатады. 50 фактіде медицина қызметкерлері киберқылмыскерлердің құрбаны болған.

СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жуырда ауқымды акция өткізді, оған 200-ге жуық медицина қызметкері қосылды. Полицейлер оларға үлестірме материал беріп, тұрғындар үшін қажетті кеңестер айтуды үйретті. Бұдан кейін бірлескен ақпараттық топтар Петропавлдың адамдар көп шоғырланатын жерлерінде желілік алаяқтықтың алдын алуға кірісті.

СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев атап өткендей, алдын алу шараларына белсенді қатысу медицина қызметкерлеріне осындай қылмыс түрінің салдарын тереңірек ұғынуға көмектеседі. Олар пайдалы ақпарат пен дағдыларды қолдана отырып, келешекте әріптестеріне, жақындарына түсіндіре алады.

Полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу жөніндегі кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын тұрғындар арасында ұдайы жүргізіп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру