Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен прокурорлар жыл ішіндегі жедел жұмыстың қорытындысын талқылады

СҚО-да полицейлер мен прокурорлар жыл ішіндегі жедел жұмыстың қорытындысын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел тергеу жұмысының сапасын және алдын алу шараларын жақсарту, заңдылықты бұзу деректерін тіркеу және есепке алу тәсілдерін жетілдіру – СҚО полиция департаментінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің өкілдерімен өткен кеңесте осындай мәселелер қаралып, шешілді.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Қайрат Әбдіханов бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар (адам өлтіру, тонау, алаяқтық) бойынша жедел жағдайдың оң динамикасын атап өтіп, рецидивистер (62-ден 77-ге дейін) және кәмелетке толмағандар (38-ден 42 фактіге дейін) жасаған қылмыстардың өскенін, жол-көлік оқиғалары санының өскенін (432-ден бастап 551-ге дейін) және басқа да өзекті сұрақтарға тоқталды.

Қайрат Әбдіханов тәртіп сақшыларын қылмыстық істер бойынша процестік шешімдерді уақытылы қабылдауға, барлық тергеу әрекеттері мен жедел іс-шаралар бойынша ведомстволық бақылауды күшейтуге шақырды.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Азамат Шонов қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды тіркеу мен есепке алудың белгіленген ережелерін қатаң сақтау қажеттігіне назар аударды.

СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов полиция қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қойды. Сондай-ақ ол ішкі істер министрлігінің алқа отырысында полиция қызметкерлерінің алдына қойылған міндеттер туралы еске салды, оларға «Заң мен тәртіп» басты қағидатының сақталуын қамтамасыз ету, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік, жазадан бұлтартпастық, құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жүйесін құру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру