Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен қорықшылар қауіпсіз аң аулау жолдарын талқылады

СҚО-да полицейлер мен қорықшылар қауіпсіз аң аулау жолдарын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының басшылығымен және қорықшыларымен кездесіп, аң аулау кезінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі өзара іс-қимылды талқылады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусиннің айтуынша, өткен жылы тәртіп сақшылары мен қорықшылар өзара тығыз іс-қимыл жасауға келіскен. Нәтижесінде жедел ақпарат алмасу және аңшылық әуесқойлары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізуді бақылау туралы келісімдер жасалды. Полиция қызметкерлері өз тарапынан қару иелерін үнемі тексеріп отырады, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

– Нәтижесінде өткен кезеңде облыста аңшылық қаруды ұқыпсыз қолдануға байланысты бірде-бір жазатайым оқиғаға жол берілмеді. Сондай-ақ кездесуде азаматтық қаруды сақтау саласындағы заңнаманың өзекті талаптары талқыланды, қорықшылар өздерін қызықтырған практикалық сұрақтарға жауап ала алды. Бірлескен жұмыс одан ары жалғасатын болады. Жазалау функцияларының орнына құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығына бағдарланған сервистік тәсіл шеңберінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимыл жасау құқықтық тәртіптің сенімді іргетасы болып табылады, – дейді Мусин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру