СҚО-да полицейлер МИБ және ПИК төрағаларымен бірге өзекті мәселелерді талқылады
СҚО-да полицейлер МИБ және ПИК төрағаларымен бірге құқықтық тәртіптің өзекті мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде петропавлдық пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің төрағаларымен кездесу өтті. Көппәтерлі үйлердегі қоғамдық тәртіп мәселелері талқыланды: шу, аулалардағы қоқыс және қоғамға жат басқа да құқық бұзушылықтар.
Кездесуге полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов, қала әкімінің орынбасары Қалия Төренова, қала прокуроры Тыныбек Сапаров, "Қазақтелеком" өкілі, учаскелік полиция инспекторлары қатысты. Қаланың санитарлық жағдайы, жалдамалы пәтерлердегі тыныштықты бұзу, қаңғыбас жануарларды аулау, ұрлықты, вандализм мен бұзақылықты азайту жолдары қаралды. Айдын Қабдұлдинов бұзушылықтарды уақтылы анықтау және алдын алу – тұрғын үйлердегі қауіпсіздік пен тәртіптің кепілі екенін атап өтті. Оған тек тұрғындар мен бірлестіктердің полициямен өзара тығыз қарым-қатынасының нәтижесінде ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті.
Қатысушылар учаскелік полиция инспекторлары кіретін көршілердің ортақ WhatsApp чаттарының тиімділігін атап өтті. Айдын Қабдұлдинов азаматтарды "Көршілер бақылауы" және "Жауапты подъезд" сияқты бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырды. Бұлтты бейнебақылау мен қауіпсіздікті арттыратын автоматтандырылған бақылау жүйелерін енгізу кездесуге жиналғандардың бірауыздан шығарған шешімдерінің бірі болды.
Кездесу соңында полицейлер төрағаларды жедел басқару орталығына шақырды, онда бейнекамералардың жұмысын және құқық бұзушылық туралы жедел хабарлауға арналған "102" мобильдік қосымшасын көрсетті. Тұрғындардың өмірін жақсартуға және қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге арналған мұндай кездесулер тоқсан сайын өткізілетін болады.