СҚО-да полицейлер нашақорлықпен күрес айлығын ашық аспан астындағы концертпен қорытындылады
СҚО-да полицейлер нашақорлықпен күрес айлығын ашық аспан астындағы концертпен қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстікқазақстандық полицейлер нашақорлықпен күрес айлығын open-air форматындағы концертпен аяқтады. Тәртіп сақшылары белсенді жастармен бірлесіп, өскелең ұрпақтың бойында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған көптеген қызықты жобаны жүзеге асырды.
26 маусым – Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күні Петропавлдың орталық алаңында концерт өтті, оған қатысушылар қала тұрғындары мен қонақтарын есірткісіз өмір сүруге шақырды. Оны облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Петропавл қаласы әкімдігінің, прокуратураның және басқа да мүдделі органдардың қолдауымен полиция қызметкерлері ұйымдастырды.
Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев құттықтау сөзден кейін айлықты өткізуге көмектескен облыс тұрғындарын – белсенділерді, БАҚ өкілдерін марапаттады. Марапат алғандардың арасында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың хатшысы Әсемгүл Әбілмәжінова да бар. Ол колледж оқушыларының есірткі жасырушыларға қатысты қылмыстық істер бойынша өткен сот отырыстарына қатысуын ұйымдастырды.
Концертте облыстың жас дарынды әртістері ән айтып, мен би биледі. Олар осы арқылы есірткісіз өмір адамның алдында үлкен мүмкіндіктер ашатынын көрсетті. СҚО полиция департаменті құрамындағы жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгерлері көрсеткен қоян-қолтық ұрыстың әдістері көрермендер арасында ерекше әсер қалдырды. Ал кинолог мамандар қызметтік-іздестіру иттерінің есірткіні қалай таба алатындығын көрсетті.
Жалпы, аталмыш айлықтың ішінде полицейлер ондаған флешмобтар, спорттық жарыстар, акциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізді.