Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер оқушыларды музейге алып барды

СҚО-да полицейлер оқушыларды музейге алып барды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері № 2 орта мектептің жетінші сынып оқушылары үшін “Абылай хан резиденциясы” музей кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.

Мәдениет – жасөспірімнің жеке басын қалыптастырудың, жақсы тәрбиені бойға сіңірудің маңызды факторларының бірі. Экскурсияның мақсаты – балаларды жан-жақты дамуға ынталандыру. Осы мақсатта экскурсияға бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері 24 жастағы солтүстікқазақстандық Наталья Богданова да қосылды. Ол спорттың әрдайым маңызын жоғалтпайтынын және алға қойылған мақсатқа ынта-жігер болған жағдайда міндетті түрде қол жеткізуге болатынын еске салды. Сондай-ақ жетінші сынып оқушылары Абылай хан резиденциясының аумағында қойылған нысаналарға садақтан атуға мүмкіндік алды. Кездесуге ТЖ қызметкерлері де қатысты. Олар қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды – мысалы, түнгі уақытта қуаттауға қойылған телефондарды қалдырмауға кеңес берді: бұл өртке әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайлар себеп болған оқыс оқиғалардан нақты мысалдар келтірді.

Ал Бірінші лицейдің оқушыларымен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері кездесті. Олар бастауыш сынып оқушыларына жолдан өтудің дұрыс ережелерін айтып, жол қозғалысын реттеушінің сигналдарын көрсетті. Кейін полицейлер оқушыларға полицияның арнайы құрал-жабдықтарын көрсетті, патрульдік автокөлікте отыруға мүмкіндік берді.

10 сәуірден бастап полицияның барлық бөліністері кәмелетке толмағандар жасауы мүмкін және оларға қатысты жасалуы ықтимал қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған “Жасөспірім” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуге жұмылдырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру