Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер орманда жоғалған зейнеткерді іздеп тапты

СҚО-да полицейлер орманда жоғалған зейнеткерді іздеп тапты, — деп хабарлайды Polisia.kz

Жамбыл ауданының учаскелік инспекторы Бекзат Қайсаев профилактикалық іс-шара кезінде Троицкое ауылының зейнеткерінен оның жұбайы саңырауқұлақ теріп жүріп орманда адасып кеткені туралы қоңырау қабылдады.

Ол кезекші топ құрамында болды. Топта жедел уәкіл Қайрат Бакеев және аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Жоламан Аубакиров бар еді. Іздестіру жұмыстарын ұйымдастыруды Жоламан Аубакиров дереу өз қолына алды.

Жергілікті тұрғындар мен полиция қызметкерлерінен жасақталған топтар орманды аймақты түгелдей аралап шықты. Іздеу жұмыстары шамамен үш сағатқа созылды. Кешке қарай Жоламан Аубакировтың тобы зейнеткердің даусын естіп, әйелді тауып, орманнан алып шықты.

Ауыл тұрғыны бала кезінен жер жағдайын жақсы білетінін, алайда бұл жолы бағдарынан жаңылып, кешке дейін орман ішінде жүргенін айтты. Полицейлер оны туған ауылынан шамамен 10 шақырым жерден тапты. Зейнеткер тәртіп сақшыларына және іздеу жұмысына қатысқан барша адамға алғыс айтты.

Полиция қызметкерлері азаматтарға табиғат аясына шыққанда барынша сақ болуды, бөлінбей бірге жүруді, алдын ала бағдар белгілеуді және өзімен әрдайым телефон алып жүруді қатаң ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру