Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер саяжай учаскелерін қайықпен бақылайды

СҚО-да полицейлер саяжай учаскелерін қайықпен бақылайды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда полицейлер қала аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. Қалалық жағажай мен қаланың батыс шетінде орналасқан бау-бақша серіктестіктерінде ерекше бақылау жүргізілуде.

8 сәуірден бастап, полицейлер мен Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары саяжай аумақтарын тұрақты түрде су арқылы патрульдеуде. Жағажай бұрылысындағы полиция бекетінен екінші моторлы қайық суға түсіріліп, кезекшілікке шықты. Су айдындарында патрульдеу кезінде қайықтар жоғары жылдамдықпен қозғалғанымен, су тайыз болған жерлерде ағаштар мен бұталар, сондай-ақ су астындағы бөгеттер моторды бүлдірмес үшін ескекпен қозғалуға мәжбүр етеді.

Құрлықтағы патрульдер Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің сарбаздарымен бірге бау-бақша маңындағы 12 бекетте тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр.

Полицейлердің басты міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және иесіз қалған мүлікті ұрлық пен зақымданудан қорғау. Патрульдеу жұмыстарының алғашқы күні тыныш өтті, құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта жағдай полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің тұрақты бақылауында. Барлық іс-шаралар жергілікті тұрғындардың тілектері мен алаңдаушылықтарын ескере отырып ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру