Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер синтетикалық есірткі арнасына тосқауыл қойды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері синтетикалық есірткілерді шығарып келген шағын лабораторияны жойды. Мұнда есірткіні интернет арқылы сату мен жасырын жерлерде қалдыруға дейін қарастырылған. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

Ағымдағы жылдың басында полицейлердің назарына бірнеше жас жігіт ілігеді. Олар Петропавл қаласының аумағында синтетикалық есірткілерді таратып келген. Ақпан айының басында есірткіні жасырын орынға салмақ болған күдіктілердің бірі ұсталған болатын.

Тінту кезінде одан он бес зиплокпен түйіншекті тәркілеген. Сараптама анықталған зат ең қауіпті синтетикалық есірткілердің бірі «мефедрон» екенін көрсетті.

Синтетикалық есірткілер үшін аса ірі мөлшер үш граммнан басталады, бұл синтетикалық есірткілердің қаншалықты қауіпті екенін көрсетеді. Дей тұрғанымен, көп ұзамай ұсталған жігіт жедел уәкілдердің оның кәсібінен хабардар екенін түсініп, түсініктемелерін өзгерткен.

Күдіктінің айтуынша, ол жұмыс істеп, қосымша табыс тапқысы келген. Осындай хабарландыруды тауып, көрсетілген мекен-жайға телеграм арқылы жүгінген. Бірақ оған мүлдем басқа жұмыс ұсынылған.

Көп ұзамай полиция осы желінің ұйымдастырушысын ұстады. Бірінші ұсталған жігіт тауарды осы кісіден алған. «Сатушының» жалдамалы пәтерінен тәртіп сақшылары есірткі өндіретін шағын зертхана мен дайын өнімді, яғни 160 грамм «синтетиканы» тапты.

– Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Петропавл қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Басты фигурант есірткі сататын интернет-дүкеннің жұмысын жүргізді деген күдікке ілінген. Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер осымен екінші есірткі лабораториясын әшкереледі, үш келіге жуық синтетикалық есірткіні тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру