Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер студенттерге интернет-алаяқтық туралы заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді

СҚО-да полицейлер студенттерге интернет-алаяқтық туралы заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтыққа қатысқандар қандай жауапкершілікке тартылады? Осы және басқа да маңызды мәліметтерді Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері семинар барысында білді. Жиынға СҚО ПД киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері, банк секторының өкілдері және ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандары қатысты.

Аудиторияда — 1-2 курс оқитын шамамен 300 студент. Қонақтар қылмыскерлер қолданатын негізгі схемалар мен заманауи технологиялар жайында айтты. Полицейлер түсіндіргендей, 16 қыркүйектен бастап ҚР Қылмыстық кодексіне жәбірленушілерден түскен ақшаны алаяқтарға жеткізу үшін өз төлем құралдарын пайдалануға беруді — яғни дропперлікті — қылмыстық жауапкершілікке тарту нормасы енгізілді.

Интернет-алаяқтар дроптарды көбіне әлеуметтік желілер арқылы тартады. "Жеңіл табыс" уәдесіне әсіресе студенттер жиі алданып жатады. Бұған дейін дропперлер тек азаматтық тәртіпте ғана жауапқа тартылатын. Енді мұндай іс-әрекет қашықтан жасалатын алаяқтыққа қатысудың қылмыстық түрі болып саналады.

СҚУ студенттермен жұмыс департаментінің қызметкері Игорь Семёнов мұндай шаралардың жастар үшін маңызы зор екенін атап өтті. Интернет-алаяқтықтың алдын алу — "Заң және Тәртіп" тұжырымдамасы аясында полицияның негізгі міндеттерінің бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру