Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер тіркеме аударылған жол учаскесінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті

СҚО-да полицейлер тіркеме аударылған жол учаскесінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қараша күні кешке Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты Сенжарка ауылының маңында, Мамлютка – Қостанай автожолында төтенше жағдай тіркелді.

Сағат 17:00 шамасында Мамлют ауданының Дубровное ауылына арпа тасымалдап бара жатқан “КамАЗ” жүк көлігінің тіркемесі сынып, жол үстіне аударылып қалған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері дереу қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Бұл әсіресе қараңғы түсіп, жүргізушілердің жұмыстан қайтатын уақытымен тұспа-тұс келгендіктен аса маңызды болды.

Төгілген дән мен аударылған тіркемені жолдан тазалау және жөндеу жұмыстарына "Аби жер' ЖШС-нің арнайы техникасы жұмылдырылды. Бірлескен күшпен төгілген арпа жиналып, тіркеме орнына қойылды. Жұмыстар сағат 21:00-ге дейін жалғасты. Оқиға сәтті аяқталып, "КамАЗ" өз бағытын қайта жалғастырды.

Полицейлер жүргізушілерге жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды және көлік құралдарының техникалық жағдайын жүйелі түрде тексеріп отыруды ескертеді. Әсіресе, ауыр жүк көліктерімен қозғалғанда тіркемелердің беріктігі мен дөңгелектердің күйін мұқият қадағалау қажет.

- Егер жол үстіне астық төгілсе, көлік дөңгелегінің жолға жабысуы әлсірейді. Мұндай жағдайда жылдамдықты дереу азайтып, тежегішті абайлап басу керек, – деп еске салады полицейлер.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті жүргізушілерді сақтық шараларын ұстануға, сондай-ақ жолдағы өз және өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру