Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер толғағы қысқан әйелді перзентханаға жедел жеткізді

СҚО-да полицейлер толғағы қысқан әйелді перзентханаға жедел жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 ақпанда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Арман Оразбай мен Владимир Моисеев Жезқазған — Петропавл автожолының апат қауіпі жоғары учаскесінде қызмет атқарып жүрген. Сол күні Chevrolet Niva автокөлігінің жүргізушісі көмек сұрап жүгінді. Ер адам жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі екенін, жеке автокөлігімен медицина қызметкерімен бірге Явленка ауылынан Петропавл қаласына толғағы басталған әйелді жеткізіп бара жатқанын айтып, жол бойында ілесіп жүруді сұраған.

Жағдайды бағамдаған полицейлер толғатып жатқан әйелді және акушерді қызметтік көлікке отырғызып, 10 минут ішінде шұғыл түрде перинаталдық орталыққа жеткізді.

Осыдан кейін патрульдік полиция қызметкерлері өз қызметтік міндеттерін орындауға қайта кірісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру