Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер Ұлттық кітап күніне қатысты

СҚО-да полицейлер Ұлттық кітап күніне қатысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдағы И.Шухов атындағы Орталық қалалық кітапханада өткен Ұлттық кітап күніне арналған іс-шараға учаскелік полиция инспекторы Виктория Вьюшкина мен Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкері Серік Әбілғазинов қатысты.

Іс-шараны кітапхана қызметкерлері ұйымдастырды. Қонақтармен бірге тәртіп сақшылары ұлттық мәдениет атмосферасына бөленіп, қазақ әдебиетінің классиктерін еске алып, кітаптың тұлға қалыптастырудағы маңызы жөнінде пікір алмасты.

Полиция майоры Серік Әбілғазинов Мағжан Жұмабаевтың өлеңін жатқа оқып берді. Ол ұлы ақынның шығармашылығын әр солтүстікқазақстандықтың білуі заңдылық екенін атап өтті.

Виктория Вьюшкинаны қазақ әдебиетінің тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының өсиет сөздері шабыттандырады. Ол Абайдың алғашқы қара сөзін оқып берді. Оның айтуынша, бұл шығарма — ұлы ақынның даналыққа бастар жолдағы алғашқы қадамы.

Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері полиция департаментіне әртүрлі бағыттағы кітаптар жинағын сыйға тартты. Қазіргі заманғы қазақстандық полиция қызметкері жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс. Медиа саланың қарқынды дамуына қарамастан, кітап оқу — жеке мәдениеттің берік іргетасы болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру