СҚО-да полицейлер ҰОС және ІІО ардагерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
СҚО-да полицейлер ҰОС және ІІО ардагерінің 100 жылдығына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін жарты жыл өткен соң біздің Қара-Қамыс ауылында бірде-бір механизатор қалмады — барлығы майданға кетті», — деген Көкшетау облысы Айыртау ауданының тумасы (қазір СҚО құрамына енгізілді), ҰОС және ішкі істер органдарының ардагері Сәлімжан Тілеубаев өзінің өмірбаянында. 15 желтоқсанда ол 100 жасқа толар еді.
Ардагердің құрметіне СҚО полиция департаментінің аумағында орналасқан соғыстан кейінгі жылдары облыстың ішкі істер органдарында қызмет атқарған ҰОС ардагерлеріне арналған обелискіге гүл шоқтарын қоюдан бастады. Гүл қою рәсіміне департамент бастығы Айдын Қабдұлдинов, ПД аппаратының басшылығы мен жеке құрамы, СҚО ПД және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов, Сәлімжан Тілеубаевтың ұрпақтары қатысты.
Салтанатты жиында ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің жеделхаты оқылды: «Сәлімжан Құнанбайұлының өмір жолы сынақтарға толы болды. Ол сұрапыл соғыста қайсарлық пен батылдық көрсетті, ұрпақтарының бейбіт өмірі үшін күресті».
Жас Сәлімжан Тілеубаев 1942 жылы әскер қатарына шақырылғанға дейін өзінің туған колхозында еңбек етті. Ол Қиыр Шығыста пулеметші болды, кейін пулеметшілер бөлімшесінің командирі ретінде соғысқа қатысқан. 1947 жылы «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен оралды, бірден ішкі істер органдарына қызметке орналасты.
Ташкент қаласында милицияның басшылық құрамына арналған мектепті бітіріп, 1950 жылдан бастап Қарағандыда, содан кейін Петропавлда қылмыстық іздестіру бөлімінде қызмет атқарған, қылмыскерді ұстау кезінде жарақат алған. 10 бала тәрбиелеп өсірді.
Соғыстан кейінгі жылдары солтүстікқазақстандық ішкі істер органдарында 771 майдангер қызмет етті. Бүгінгі күні олардың бірде-бірі қалмады. Бірақ майдангерлердің есімдері мен жанқиярлық ерліктері тәртіп сақшыларының мәңгілік есінде қалады.