Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер зейнеткерге дер көзінде көмек көрсетті

СҚО бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясында Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Мейірбек Мейрам мен Қайыр Сыздықовқа алғыс хаттар табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Набережная мен Шухов көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері жылдамдықты арттырған көлікті тоқтатты. Жүргізуші – әйел адам, СҚО бойынша ҚХА-ның “Жомарт жан” республикалық филиалының өкілі инсульттан кейін ауырып қалған қарт азаматты медициналық мекемеге жеткізуге асығып бара жатқанын түсіндірді.

Полицейлер болған жағдай туралы Петропавл қалалық ПБ жедел басқару орталығын хабардар етті және облыстық ауруханаға дейін бірге алып жүруді қамтамасыз етті.

Таңғы сағат 10:00 шамасы – Петропавл көшелеріндегі қарқынды қозғалыс уақыты. Кептеліс уақытында дыбыстық сигналдардың арқасында олар діттеген жеріне тез өтіп кетті.

Кейінірек “Жомарт жан” орталығының басшылығына бірнеше минут уақыттың қалғаны белгілі болды: уақытылы медициналық көмек болмаса, зейнеткер комаға түсіп кетуі мүмкін еді. Мейірбек пен Қайыр жеделдігі мен кәсібилігі үшін марапатталды.

ППБ қызметкерлері мұндай жағдайларда дереу “102” арнасына хабарласуды ұсынады. Өткен жексенбіде көшеде құлап қалған әйелді медициналық мекемеге жеткізуге көмектескен Петропавл тұрғыны осылай жасады. Сыртқы белгілері бойынша оның эпилепсиялық ұстамасы пайда болған. Патрульдің тез көмекке келген экипажының арқасында ЖБО үйлестіруімен, әйелді бірнеше минут ішінде ауруханаға жеткізуге мүмкіндік туды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру