СҚО-да полицейлер жеке куәлігін жоғалтқан 91 жастағы әжеге көмектесті
СҚО-да полицейлер жеке куәлігін жоғалтқан 91 жастағы әжеге көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жасына немесе денсаулығына байланысты жеке құжаттарды ресімдеу үшін ХҚКО-ға жүгіне алмайтын адамдар 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, үйде қызмет ала алады. Петропавлдың 91 жастағы тұрғыны жеке куәлігін жоғалтқанын байқаған соң, көмекке жүгінген.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері оған келіп, өтініш қабылдап, қажетті құжаттарды жинауға көмектесті. Екі аптадан кейін олар зейнеткерге жаңа куәлік беру үшін қайта барды. Егде жастағы қала тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді.
— Мен мұны өзім жасай аламын ба? Біз сияқты қарт адамдарға қажетті осындай қызмет құрғандарыңыз үшін алғысым шексіз. Адамдарға мейірімді, жанашыр қызметкерлері үшін басшыларға ризашылығымды білдіремін, - деп ой бөлісті қария.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін үйде құжаттау бірнеше жылдан бері қолданылып келеді. Мысалы, жыл басынан бері полицейлер облыстың 85 тұрғынына жеке құжаттарды рәсімдеуге көмектесті.